18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №412 

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 5 маусым, Астана, Үкіметі Үйі «Электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №54 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №54 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №16, 188-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.